Әуесбаева Пәкизат Теңізбайқызы – М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультеті араб бөлімін үздік бітірген. П.Т. Әуесбаева 1999 жылы «Қазақ фольклорындағы әңгіме жанры» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, аталмыш тақырыпта (2001) монографиясы жарық көрді. Зерттеуші – текстология саласы бойынша «Қазақ фольклоры текстологиясының кейбір мәселелері» (2004), «Кейбір халық әдебиеті үлгілерінің салыстырмалы текстологиясы» (2007), онтомдық «Қазақ әдебиеті тарихының» 1-томы (2008), «Фольклорлық мұралар: жиналу, жариялану тарихы» (2014), «Қазақ текстологиясы: эпостық жырларды мерзімдеу мәселелері» (2017), «Қолжазба қорларындағы батырлық жырлардың жиналу тарихы» (2017) атты ұжымдық монография авторларының бірі және 17 ғылыми жинақты құрастырушылардың бірі. Грантпен қаржыландырылған 10-нан астам ғылыми жобаларға қатысты, оның ішінде 3 жобаның жетекшісі болды. П.Ауесбаева Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетіндегі «Моңғол халықтарының мәдени мұрасы» халықаралық ғылыми орталығы ұйымдастырып келе жатқан «Еуразия халықтарының ертегілері» атты ғылыми халықаралық жобаға 2017 жылдан бері үзбей қатысып келеді. Нәтижесінде 4 жинақ жарияланды. П. Әуесбаева 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланған «Бабалар сөзі» жүзтомдығының ғылыми басылымын әзірлеуге араласып, он томын баспаға дайындауда жауапты шығарушы және құрастырушы ретінде қатысты, ғылыми түсініктемелер жазды. Сондай-ақ П. Әуесбаеваның жүзден аса ғылыми мақалалары ұжымдық жинақтарда, отандық және шетелдік басылымдарда (оның ішінде 6 мақала Scopus базасында) жарияланған. 2014-2015 оқу жылынан бастап П.Ауесбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлескен жоба аясында «Ғылым ордасы» Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығында фольклортану және текстология салалары бойынша оннан аса пәннен оқу-әдістемелік кешенін дайындап, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқиды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1986

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
16.04.1999

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
29.04.2005
Қызығушылығы

6

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Ахметбекова А.К., Рақыш Ж.С. 2016 - г. 4 - стр. 2
7

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Ертегі поэтикасындағы баяндаудың қызметі 2016 - г. 5 - стр. 0
8

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

«Айман-Шолпан» жырының тарихилығы 2016 - г. 9 - стр. 0
9

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

«Қамбар батыр» жырының жиналу, жариялану тарихы 2017 - г. 9 - стр. 315
10

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

«Бозұғлан. Ахметбек-Жүсіпбек» жырының жиналу тарихы 2017 - г. 11 - стр. 2
11

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

2017 - г. 10 - стр. 45
12

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Айман - Шолпан 2017 - г. 64 - стр. 1
13

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ЭПОСТАРЫНДАҒЫ ЖЕЛЕП-ЖЕБЕУШІЛЕР БЕЙНЕСІ 2017 - г. 12 - стр. 10
14

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Шакимашарип Ыбырайұлы Ыбыраев 2017 - г. 10 - стр. 1
15

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ЭПОСТАРЫНДАҒЫ ЖЕЛЕП-ЖЕБЕУШІЛЕР БЕЙНЕСІ 2017 - г. 12 - стр. 10
16

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Тұркі халықтарының хикая жанры 2018 - г. 19 - стр. 85
17

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Қиял-ғажайып ертегілерінің сюжеттік құрылымы 2018 - г. 8 - стр. 171
18

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Ертегілік жадының жаңғыруы 2018 - г. 4 - стр. 60
19

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Еуразия халықтарының ертегілері "Өгей шеше мен жетім қыз" 2018 - г. 12 - стр. 13
20

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Алпысбаева К.., Албеков Т.., Рақыш Ж.С. Kazakh Variants of the epic Korugly 2019 - г. 16 - стр. 35
21

Ауесбаева Пакизат Тенизбаевна

Рақыш Ж.С., Алпысбаева К.., Албеков Т.. 2020 - г. 17 - стр. 36